Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік тәртіп пен шектеулерге толықтырулар енгізу туралы хабарлады.
Соңғы күндері ел аумағында коронавирустық инфекция жағдайлардың көбеюін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Республикалық арнайы комиссияның шешімімен енгізілген тәртіп пен шектеулерге толықтырулар енгізілді:
Осы жылдың 28 маусымы мен 12 шілдесі аралығында Ташкент қаласына көршілес облыстардан келетін көліктердің (автобус, автомобиль) аса қажет болмаған жағдайда кіруіне шектеу қойылды;
Қауіптілік деңгейі жоғары топқа жататын тұрғындар мен бірге Ташкент қаласының 18 жастан асқан барлық жастағы азаматтарды оларға бекітілген отбасылық клиникаларда Мемлекеттік бюджет есебінен коронавирус инфекциясына қарсы ерікті түрде жаппай вакцинациялау міндеттелді;
Осы жылдың 28 маусымынан бастап республикадағы ойын-сауық мекемелері - мейрамханалар, түнгі клуб, дискотекалар, караоке, бильярд залдары және компьютерлік ойын орталықтары және қоғамдық тамақтану орындары - кафе, асхана мен шайханалар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00ге дейін жұмыс істейтін болады;
ойын-сауық және қоғамдық тамақтану орталықтарына келушілерге атаулы нысанда жалпы сыйымдылығын 50% -дан асырмай қызмет көрсету тәртібі белгіленді.
Коронавирустық инфекцияның таралуын аймақтық талдау нәтижесіне орай ауру диагнозы қойылған науқастардың сауығу динамикасына байланысты Ташкент қаласы «қызыл» аймаққа енді. Ал, Самарқанд пен Ташкент облысы «сары» аймақта.