Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда карантин мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды
20:55 / 2020-04-18

Бұл жағдай Республикалық арнайы комиссияның шешімімен мақұлданған


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін енгізілген карантиндік шектеу шаралары және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күшейтілген тәртіп 2020 жылдың 10 мамырына дейін ұзартылды.

Koronavirus Info ресми ақпараттық арнасында жарияланған хабарламаға сай, ел аумағында коронавирусқа қарсы кешенді шаралар мен жауапкершілікті терең сезінген тұрғындар тарапынан өзін оқшаула мен «әлеуметтік қашықтану» қағидатын ұстануы нақты нәтиже беруде, делінген.

Бұған дейін, коронавирустың ел аумағына кіріп келуі мен таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 23 наурыз сағат 00:01-де республиканың барлық шекаралық аудандарындағы шекаралық өткізу бекеттері барлық азаматтар үшін (Өзбекстан Республикасы аумағынан шығып бара жатқан басқа елдер азаматтарын қоспағанда) жабылған болып, ел аумағындағы барлық қоғамдық тамақтану орындары мен түрлі ойын-сауық орталықтар өз жұмысын тоқтатқан болатын.

Республикада коронавирустың алғашқы дерегі 15 наурызда тіркелген болып, бүгін 18 сәуір сағат 19:00 уақытымен ел аумағында коронавирус жұқтырған жандар саны 1469 кісіні құраған. Олардан 194 науқас емделіп, 4 кісі қайтыс болған.