Бүгін: Өзбекстанда күннің тұтылуы байқалады. Оның ең жоғары фазасы 63 пайызға жетеді
Күн тұтылу фазасының толық кезеңінің ұзақтығы - 38 секундқа тең болып, күн бетінің дөңгелек бойы 99,4 пайыз тұтылуы байқалады
Күн тұтылу фазасының толық кезеңінің ұзақтығы - 38 секундқа тең болып, күн бетінің дөңгелек бойы 99,4 пайыз тұтылуы байқалады.
Өзбекстан ҒА астрономия институтының мәліметтері бойынша, осынау аспан денелері арасындағы табиғи құбылыс 21 маусым күні күзетіледі. Бұл тұтылудың ең жоғары фазасы күн бетінің 99,4 пайызын жауып толық формалы дөңгелек тұтылу орын алады және осы кезеңінің ұзақтығы - 38 секундқа жалғасады. Ташкенттегі күн тұтылуының жоғары фазасы 51 пайызға жетіп максимум уақыты шамамен сағат 11:24ке тура келеді.
Өзбекстандағы күн тұтылуының ең жоғары фазасы Терміз жерінде байқалып, онда ай күн бетінің 63 пайызын жабатыны көрінеді екен. Ең төменгі көрсеткіш Нүкіс жерінде байқалады екен. Онда күн тұтылу фазасы 39 пайызға жетеді.
Бұл астрономиялық құбылыс Африканың 111 елінде, Араб түбегінде, Еуразияда, Жапонияда және Малай архипелагында, сонымен бірге Австралияда байқалады.