Ташкенттегі «Олимпия және паралимпия даңқ» мұражайында Өзбекстанның «Jump Rope» федерациясының құрылтай жиналысы өтті.
Спорт министрлігі, Ташкент қаласы әкімдігі және елімізде осы спорт түрінің бастамашылары қатысқан жиналыста дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлініп жатқаны атап өтілді. Атап айтқанда «jump rope» спорт түрін халық арасында кеңінен тарату мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, «jump rope» яғни арқанмен секіру спорты 2021 жылдан бері халықаралық деңгейде дамып келе жатқан жаңа спорт түрі саналады.
Жиналыста арқанмен секіру спорт түрінің халықтың барлық топтары арасында кеңінен таралу мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл спорт түрі, әсіресе, балабақша, мектеп және аула маңында жастардың сүйіп айналысатын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығу түрі ретінде үлкен танымалдыққа ие екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, делегаттардың ұсынысы бойынша Ташкент қаласы әкімінің жастар саясаты, әлеуметтік даму және рухани-ағартушылық мәселелері жөніндегі орынбасары Дурдона Рахимова Өзбекстан «Jump Rope» федерациясының төрайымы болып сайланды.