Өзбекстанда ЖОО-ға түсерде ең жоғары балл жиған 200 талапкерге президенттік грант беріледі
Президент Шавкат Мирзияев «Республиканың жоғары оқу орындарына қабылданған талантты жастарды одан әрі қолдау шаралары туралы» қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, 2021/2022 оқу жылынан бастап, бакалавриаттың күндізгі бөліміне түсу емтихандарында (тест сынақтары, кәсіби (шығармашылық), жазбаша емтихан) ең жоғары балл жиған 200 талапкер үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Өзбекстан Президентінің гранты жарияланды.
Онда:
- білім берудің белгілі бір саласына бөлінген квотадағы соңғы талапкер және бірдей ұпай жинаған барлық азаматтар Президент грантына ие болады;
- Президент грантына үміткерлер мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылданады;
- Президент грантының жеңімпаздары бірінші курста барлық пәндерді «өте жақсы» бағамен оқыған, рухани, білім беру және ғылыми зерттеулер саласында жетістіктерге жеткен конкурстық негізде осы грантқа үміткерлердің арасынан анықталады;
- байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады және оларға Өзбекстан Президентінің мемлекеттік стипендиясы төленеді;
- оқу аяқталғанға дейін үздіксіз Президенттік стипендия алған студенттер бакалавриат бағдарламасына сәйкес және қосымша мамандық бойынша магистратураға түсу емтихандарынсыз қосымша мемлекеттік грант негізінде қабылданады.
Осы орайда студентке:
- Президенттік грантқа тағайындалған стипендия оқудың екінші жылының басынан бастап ай сайын төленеді және осыған байланысты оған жалпы шартта көрсетілген стипендия тағайындалмайды;
- оқу семестрі аяқталғаннан кейін, ең болмағанда бір пән бойынша «өте жақсы» баға болмаған жағдайда, Президенттік грант иегерлеріне келесі академиялық семестрге жалпы тәртіпке сәйкес анықталатын стипендия тағайындалады және төленеді;
- келесі оқу семестрінің соңында, барлық пәндер бойынша меңгеру индексі тек «өте жақсы» болған кезде, Президент стипендиясы үшін тағайындалған стипендия қайта тағайындалады және төленеді;
- оқу аяқталғанға дейін үздіксіз Президенттік стипендия алған студенттер бакалавриат бағдарламасына сәйкес және қосымша мамандық бойынша магистратураға түсу емтихандарынсыз қосымша мемлекеттік грант негізінде қабылданады.