Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда ЖОО-ға қабылдау тест сынақтары 8 тамызда басталады
10:24 / 2022-08-04

2022/2023 оқу жылына жоғары оқу орындарына қабылдау тест сынақтары 2022 жылғы 8 тамызда басталады.

Мемлекеттік тест орталығының хабарлауынша, жоғары оқу орындарына түсу тест сынақтары алаңдармен мен саябақтарда өтеді.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, тест сынақтары аймақтардағы талапкерлер саны мен сынақ алаңдарының сыйымдылығына байланысты 10-нан 13 күнге дейін жалғасады және 20 тамызда аяқталады.

Сондай-ақ, емтихандар күніне екі ауысымда өткізілетін болып, онда 1 ауысым таңғы сағат 07:00-де, екінші ауысым 19:00-де басталуы жоспарланған.

Қабылдау қорытындысы бойынша биыл онлайн тіркелген талапкерлер саны 1 миллион 214 мың 232 адамды құрады.

  • Күндізгі оқу — 612 530 адам;
  • Сырттай оқу – 565 902 адам;
  • Кешкі білім беру – 27 417 адам;
  • Қашықтан білі алу– 8 383 адам.