Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда инженерлік мектептер құрылып, электротехника саласын дамытуға серпін берілмек
17:54 / 2025-01-24

Өзбекстан Президентінің «Электротехника өнеркәсібін дамытуды жаңа деңгейге көтеруге арналған қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданып, саланың болашағына бағытталған маңызды қадамдар қолға алынды.

Қаулыға сәйкес, жоғары технологиялы өндірісті енгізген электротехника өнеркәсібі кәсіпорындарына жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, жоғары технологиялы өндіріс объектісі пайдалануға қабылданған сәттен бастап 3 жыл бойы:

-  пайда салығы нөлдік мөлшерлемемен есептеледі; 

-  мүлік салығын төлеуден босатылады.

Бұл шаралар, салаға инвестициялар тарту мен жоғары технологиялы өндірістердің дамуын жеделдетуге бағытталған. 

Сонымен қатар, электротехника саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарға мемлекеттік және мемлекеттің қатысуымен құрылатын кәсіпорындардың жылжымайтын мүлік объектілері бойынша төлемдерді 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Жызақ облысындағы 1-ші политехникалық колледж және Ташкент облысындағы Ахангаран қаласындағы политехникалық колледжде инженерлік мектептер ашылып, болашақ мамандарды даярлау ісіне жаңа серпін беріледі.

Алдағы 2025-2027 жылдар аралығында «Узэлтехсаноат» ұйымы құрамындағы кәсіпорындарға жергілікті капитал нарығында қысқа (1 жылға дейін) және орта (5 жылға дейін) мерзімді облигациялар шығару, сондай-ақ халықаралық нарықта екі салалық кәсіпорынның еврооблигацияларын шығару арқылы қосымша қаржыландыру көздері тартылатын болады.

Электротехника өнімдерінің экспортын одан әрі жеделдету мақсатында жаңа Eltechexport қаржыландыру желісі енгізілмек. Бұл шаралар өз кезегінде саладағы кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығару мен Өзбекстан экономикасына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сондай-ақ, жоғары сапалы білім мен кәсіби дағдыларды дамыту арқылы жастарды инженерлік салаға тарту, инновациялық технологияларды меңгерген мамандардың санының артуына ықпал етеді.