2022 жылдың 15 қазанында Министрлер Кабинетінің «Республика өңірлеріндегі инновациялық-инвестициялық қызметті жеделдету жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданды.
Осы қаулыға сәйкес 2023-2026 жылдары Ташкент қаласында құрылған «Инно» технопаркі түріндегі технопарктер кезең-кезеңімен Нөкіс, Бұхара, Жызақ және Наманган қалаларында салынатын болады.
Технопарктегі инновациялық қызметке дарынды жастарды, студенттерді, ғылыми қызметкерлерді, профессорлар мен оқытушыларды тарту технопарктердің негізгі міндеттері болып белгіленген.
Сонымен қатар, технопаркте бизнес-инкубаторларды, эксперименттік алаңдарды ұйымдастыру, ынталы жастардың стартап жобаларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру және қаржыландыру, жетекші шетелдік компаниялардың өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен тренинг және шеберлік сабақтарын өткізу міндеттері қойылды.
Инвестициялық жобалар орталығының құрылымында Озық жобалар мен инжиниринг орталығы құрылады. Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанынан «Инвесторларға көмек көрсету орталығы» құрылады.
Орталық инновациялық көзқарас негізінде барлық деңгейдегі мәселелерді шешу құзырына ие және «Бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмек көрсетеді.