Өзбекстанда індеттен сауыққандар саны 64 мыңға жуықтады
Өзбекстанда коронавирус індетінен сауыққандар саны 64 мыңға жуықтады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 30 қазан күнгі кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін 251 жаңа вирус жұқтырған жағдай тіркеліп, 265 жан аурудан сауығып шықты және 2 науқас көз жұмған.
Соңғы мәліметтер бойынша қазірде жалпы covid-19 белгісі анықталғандар саны 66 705-ке жетті. Одан 63 978 кісі емделіп шыққан болса, өлім көрсеткіші 563-ті құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 2164 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда.