Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады
Қазіргі уақытта республикада 2789 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 60 мыңға жуықтады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қазан күні кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін 365 жаңа вирус жұқтырған жағдай тіркеліп, 414 жан аурудан сауығып шықты және 4 науқас көз жұмған.
Соңғы мәліметтер бойынша қазірде жалпы covid-19 белгісі анықталғандар саны 59 443-ке жетті. Одан 56 165 кісі емделіп шыққан болса, өлім көрсеткіші 489-ді құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 2789 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда.