Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 5,7 мыңнан асты
Қазірде елдегі карантиндік бақылау аймағында жатқандар 22343-ті құраса, үй жағдайындағы оқшауланған 30434 кісі бар
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5,7 мыңнан асты. Министрлік дегеріне сай елдегі індет кең құлаш жайған аймақ Ташкент қаласы мен облысының үлесіне тура келеді екен 3349 жағдай. Мұндағы 2130 кісі індеттен сауығып шыққан.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына сай бүгін 18 маусымда тәулік бойы 85 кісі ауруға шалдығып, олардың жалпы саны 5767-ге жеткен.
Ал бүгін күн бойына 68 азамат аурудан сауығып шықты. Қазірде жалпы 4199 кісі емделген және 19 жан індеттен көз жұмған. Сонымен қатар қазірде елдегі карантиндік бақылау аймағында жатқандар 22343-ті құраса, үй жағдайындағы оқшауланған 30434 кісі бар.
Ендігі кезекте республикада 1549 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардан 12 жағдайы ауыр.