Өзбекстанда ID-карта мен биометриалық төлқұжатты МҚО арқылы алуға болады.
Өзбекстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ID-карта мен биометриалық төлқұжатты («қызыл паспорт») Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарынан (МҚО) алуға болады.
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы Президенттің «Мемлекеттік қызметтер көрсету инфрақұрылымын жақсарту және мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті кеңейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында айтылған.
Жарлықта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар мемлекеттік қызметтер үшін төлемдер төмендетіледі, ал кейбіреулері үшін төлемдер алынып тасталады.
Өзбекстан азаматтары үшін «төлқұжат» алу құны сол кезден бастап базалық есептік мөлшердің 1 еселенген көлемінде белгіленген (25 шілдедегі жағдай бойынша - 245 мың сум). Ал, қзіргі уақытта бұл қызмет үшін төлем БЕМ-нің 1,2 есе көп (25 шілдедегі жағдай бойынша - 294 мың сум).