Өзбекстанда Халықаралық «Global Money Week» апталығы өтеді
Өзбекстанның Орталық банкі 2021 жылдың 22-28 наурызы аралығында Дүниежүзілік ақша апталығы («Global Money Week») өтетіндігін хабарлады.
Апталық аясында бүкіл ел бойынша ауқымды білім беру және ойын-сауық шараларын өткізу жоспарланған болып, олардың барлығын Орталық банк үйлестіреді.
Global Money Week – бұл балалар мен жастардың қаржылық білімі мен дағдыларын арттыруға бағытталған жыл сайынғы наурыз айында өтетін жаһандық білім беру науқаны. Қаржылық білімнің маңыздылығы және балалар мен жастарды қаржы секторына тарту туралы хабардар ету үшін әлемнің әртүрлі елдері қатысады. 2020 жылы бұл шараға 175 мемлекет қатысқан.