Орталық банк Өзбекстанда Global Pay және 1HLSW электрондық әмиян жүйесінің қызметіне рұқсат етті.
Осылайша Орталық банктің электронды ақша тізіліміне қосылған электронды әмиян жүйесі 10-ға жетті.
Мәліметке қарағанда төлем лицензиясына ие «Global Solutions» ЖШС GlobalPay электрондық ақша жүйесі қызметін жолға қою және осы электрондық ақша жүйесінің эмитенті ретінде «Алокабанк» АК банкінің электрондық ақшаны шығаруы туралы құжаттар зерделенген.
Зерттеу нəтижесіне орай «Өзбекстан Республикасы аумағында электрондық ақшаны шығару жəне айналыс ережелеріне» (тіркеу нөмірі 3231, 29.04.2020 ж.) сәйкес GlobalPay электрондық ақша жүйесі енгізілген.
2021 жылдың соңғы 10 айында электронды ақша жүйесінде 124 миллиард сумдық транзакция жасалған болып, оның 93 пайызы сауда және қызмет көрсету мақсатында сатып алуларға жұмсалса, 7 пайызы бір электрондық әмияннан екіншісіне аударымдар үлесіне тура келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық банк Qiwi электронды әмиян жұмысына рұқсат берген болатын.