Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Германияның жаңа елшісі жұмыс бастады
12:54 / 2021-08-25

24 тамызда Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Германияның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Тило Клиннерді қабылдады.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде А. Камилов елшіден сенім грамотасының көшірмелерін ала отырып, неміс дипломатын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, көп қырлы өзбек-неміс ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен нығайту үшін жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Қазіргі кезеңде Өзбекстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейдегі тұрақты және өзара сенімге негізделген диалог нәтижесінде көптеген салаларда қарқынды дамып келе жатқаны сөз болды. Тараптар саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және білім беру саласындағы сындарлы байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделі екендіктері жайлы айтты.

Германия тарапы Өзбекстанға шетел азаматтары мен дипломаттарын Ауғанстаннан шығаруға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқаны, хабарланған СІМ ақпаратында.