Өзбекстанда газ құю бекеттері арнайы жұмыс режиміне ауысады
2022 жылдың 9 қарашасынан бастап республикадағы барлық автокөліктерге газ толтыру компрессорлық станциялары арнайы жұмыс тәртібіне көшіріледі.
«Узтрансгаздың» хабарлауынша, бұл процедура Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктері бекіткен кесте негізінде жүзеге асырылады.
«Бұл жағдай ауа температурасының күрт салқындауына байланысты тұрғындарды, тұтынушыларды, әлеуметтік сала объектілерін, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда», делінген хабарламада.
Компания сонымен қатар енгізілген шаралардың уақытша екенін және қолайлы жағдай орнаған кезде барлық газ құю бекеттері қалыпты жұмыс режиміне оралатынын атап өтекен.