Өзбекстанда футзал федерациясы құрылады
Өзбекстан футбол қауымдастығы елде футзал федерациясын құру және 2025 жылдан бастап осы бағытта атқарылатын жұмыстардың мазмұны бойынша түпкілікті шешім қабылдады.
Алдымен, кәсіби және әуесқой деңгейде футзалды үйлесімді дамыту, осының негізінде ұлттық құрамаларды қалыптастыру, чемпионат ойындарында бәсекелестікті арттыру және клубтардың деңгейін көтеру қажет.

ӨФҚ Атқарушы комитетінің жақында өткен отырысында елдегі футзал мен жағажай футболына жауапты ұйым (федерация) құру мәселесі күн тәртібіне енгізілді.
Қазіргі уақытта Өзбекстан футбол қауымдастығы тиісті тәртіппен футзал федерациясын құру және оны мемлекеттік тіркеуден өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда.