Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда ерлер мен әйелдер үшін неке жасы теңестіріледі
12:22 / 2019-04-23

2019 жыл 1 қыркүйектен ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 етіп белгіленді.


2019 жыл 1 қыркүйектен ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 етіп белгіленді.

Бала құқықтарының кепілін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы Президент жарлығы қабылданды. Бұл туралы «Құқықтық ақпарат» арнасы хабарлады.

Аталған қаулыға сәйкес:

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар коммуналдық немесе анық мақсатты жердегі тұрғын-үй қалалық және мемлекеттік коммуналдық қызмет қорларында он сегіз жасқа толғанға дейін қамқоршы немесе демеушімен бірге тұратын Балалар үйіне орналастыруға құқылы;

-баланың тұрғылықты жері мен азаматтығына қарамастан барлық әлеуметтік қызметтер көрсетіледі;

-балалардың үкіметтік органдарға жасаған өтініштерін толық қарауды қамтамасыз етеді және баланың толық қабілетсіздігіне көз жеткізбей осындай шағымдарды қараусыз қлдыруға жол берілмейді;

-14 жасқа дейінгі бала, өз қажеттілігі үшін әке-шешесінен бір уақыттың өзінде заңда көзделген мөлшерде алимент талап етуі турасында шағым түсіре алады;

-балаларды қорғау мақсатында сотқа арызбен шыққан талапкер мемлекеттік баж және басқа төлемдерді төлеуден босатылады;


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) орынбасары - Бала құқықтары жөніндегі бюро өкіл лауазымы енгізілді.

2019 жыл 1 қыркүйектен ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 етіп белгіленді.

2019/2020 оқу жылынан бастап жоғары оқу ордаларына тлапкерлерді қабылдаудың жалпы санынан Балалар үйі және Балалар қалашығының түлектері болған нағыз жетімдер үшін қосымша ретінде бір пайызға дейін мемлекеттік гранттар беріледі.

Мемлекеттік статистика комитетіне аналық және балалық туралы статистикалық деректерді stat.uz веб-сайтына орналастыруды және ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып бару міндеті жүктеледі.

«Жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынан айрылған балаларды әлеуметтік қорғау турасындағы» заң шығарылады.