Президент Әкімшілігінің басшысы Сардор Умурзаковтың жетекшілігімен энергетика жүйесін реттеу, халықты және экономика салаларын энергия ресурсымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиында газ, жарық мәселесіне қатысты заң бұзғандарға қатаң шара қолданылып жатқаны айтылды.
Атап айтқанда, басқарма басшысы Сардор Умурзаков заң талаптарын бұзып, жауапсыздыққа жол берген кейбір сала басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, түрмеге жабылғанын хабарлады.
Сондай-ақ Республикалық штаб отырысында Бас прокурор Нигматилла Юлдошев энергия ресурстарымен қамтамасыз ету саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты кейбір мәліметтерді жария етті.

Бас прокурордың айтуынша, «Худудгазтаминот» АҚ-ның Ташкент облысындағы құрылымдық бөлімшесі «Худудгаз Ташкент» филиалының директоры Музаффар Алиевке қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған.
Бұдан бөлек, «Янгиюл тумангаз» басшысы Умид Тойчиев пен «Гүлістан аудандық электр желілері кәсіпорнының» бұрынғы басшысы Фурқат Шодмонкулов бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған.

Басқа өңірлердегі шенеуніктер осыдан дұрыс қорытынды шығармай, заң бұзушылыққа жол берсе, оларға да дәл осындай қылмыстық іс қозғалатын болады», - деді Сардор Умурзаков.