Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электромобильдерге арнайы нөмір беріле бастады
09:32 / 2021-11-15

Өзбекстанда электромобильдер үшін арнайы мемлекеттік нөмір беру процесі басталды.

ІІМ-нің мәліметінше, арнайы үлгідегі нөмір 2021 жылдың 1 қарашасына дейін мемлекеттік тіркеуден өткен электромобильдер үшін тегін ауыстырылады.

Сонымен қатар, онлайн-аукцион алаңында ұтып алынған нөмірлер де электромобильдер үшін бөлек қайта шығарылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2021 жылғы 12 тамыздағы №513 қаулысына сәйкес электромобильдерге арнайы нөмірлер шығарылған болатын.