Өзбекстанда электромобилдер импорты екі жылда 10 есеге өсті
2020 жылы Өзбекстандықтар шетелден 131 электромобиль импорттап оған 2,9 млн доллар қаржы жұмсаған. Дерек бойынша электромобилдер импорты соңғы екі жылда 10 есеге өскен.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, электромобилдер негізінен Қытайдан әкелінген.
- 2018 жылы – 13 дана
- 2019 жылы – 39 дана
2020 жылы – 131 дана электромобиль импорты тіркелген. Сандық статистикаға қарайтын болсақ шетелден келген экологияға заласыз отынмен жүретін көліктер саны екі жылда 10 есеге артқаны байқалады.
2020 жылда имппортталған бұл электромобильдер негізінен Қытайдан (92), сондай-ақ Оңтүстік Кореядан (13), Грузиядан (7), АҚШ-тан (7) және Германиядан (5) әкелінгені белгілі болды.