Өзбекстанда электромобильдің тағы екі жаңа моделі шығарылады
Биылғы жылдың 27 маусымында Мемлекет басшысы Жызақ облысына сапары барысында «BYD Uzbekistan Factory» бірлескен кәсіпорнында шығарылған алғашқы электромобильге қол қойып, сол күннен бастап зауытта BYD компаниясының «Chazor» және «Song Plus Champion» үлгілері шығарыла бастаған еді.
«Узавтосаноат» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BYD Uzbekistan Factory» бірлескен кәсіпорны қытайлық серіктестермен жаңа моделдерді шығару бойынша келісімге келген.

Компанияның мәліметінше, өндіріске жоспарланған жаңа модельдер арасында BYD «Seagull» және «E2» бар. Қазіргі уақытта олардың алғашқы үлгілері сынақ зертханаларында тексерілуде.
«BYD Seagull және E2 үлгілеріне сертификациялық сынақтар жүргізу үшін бұл көліктер «UzTest» мемлекеттік мекемесінің сапа және қауіпсіздік сынақ зертханалары кешеніне тапсырылды», - делінген хабарламада.