Өзбекстанда электромобиль саудасы айлық рекорд жаңартты
Қыркүйек айында елде жеңіл автокөлік сату көлемі 84,6 мың бірлікті құрап, тамыз айымен салыстырғанда 6,4 пайызға азайған.
Сатылымдағы ең үлкен төмендеу Сұрхандария мен Науаи облыстарында, сондай-ақ Ташкент қаласында тіркелді. Ал Сырдария мен Ташкент облыстарында керісінше, сату көлемі біршама артқан.
Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының Өзбекстандағы автокөлік нарығының динамикасына арналған жаңартылған талдауында атап өтілгендей, өткен айда 7,8 мың электромобиль сатылып, бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 21,6 пайызға жоғары болған. Бұл қазіргі уақытта ел тарихындағы рекордтық нәтиже.
Осы жылдың үшінші тоқсанында сатылған жеңіл электромобильдер саны 20,7 мыңды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе артқан.
Ең жоғары өсім Ташкент қаласы, сондай-ақ Ташкент пен Самарқанд облыстарында байқалған.