Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электромобиль импорты жыл өткен сайын артып келеді
13:10 / 2022-04-25

Өзбекстанға шетелден әкелініп жатқан электромобильдер саны жыл өткен сайын артып келеді.

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан әлемнің 9 елінен құны 13,5 миллион доллар болатын 455 электромобиль импорттаған. 

Бұл жағдай 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 370-ке немесе 5,4 есеге өскен. Электромобильдердің көп бөлігі Қытайдан әкелінуде. 

2022 жылдың алғашқы 3 айында Өзбекстан мына елдерден электромобиль импорттады:

  • Қытай – 426;
  • Германия – 13;
  • Гонконг – 7;
  • БАӘ - 3;
  • Эстония – 2;
  • АҚШ – 1;
  • Канада – 1.

Еске салар болсақ, 2021 жыл 1 қазан айынан бастап Өзбекстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріле бастады. Электр қуатымен жүретін автокөліктерге берілетін нөмірдің басты айырмашылығы - аймақ коды жасыл фонда көрсетілген.