French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электромобиль иелеріне жеңілдіктер беріледі
14:23 / 2026-03-02

Бүгінгі таңда әлемде жасыл энергияға деген талап күн сайын артып келеді. Әсіресе оның қоршаға ортаға деген тиімділігі оның маңызын одан әрмен арттырып отыр. Осындай жағдайлар және мемлекеттік бағдарламада көрсетілген жасыл энергияға байланысты қолдауға сәйкес Өзбекстанда электромобиль иелеріне бірқатар жеңілдіктермен қатар, марапат беру де қарастырылған.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап электромобильдерді қуаттау станцияларында 1 kWh электр энергиясының бағасы қанша болғанына қарамай, жүргізуші 300 сумнан төлейді. Ал бұл сомадан асқан бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен өтелетін болады. Бұл норма Президент жарлығымен бекітілген 2026 жылға арналған мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.

Сондай-ақ 2026 жылғы 1 наурыздан бастап электромобильмен такси қызметін көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған:

  • әлеуметтік салық бойынша 10 пайызға дейін жеңілдік беріледі;
  • мемлекеттік ұйымдарға тиесілі автотұрақтарды, соның ішінде әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы тұрақтарды 30 минутқа дейін тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі;
  • жол қозғалысы ережесін бұзбай және жол-көлік оқиғасынсыз 1 миллион километр қашықтықта заңды такси қызметін атқарған жүргізушілерге «Табиғат қорғаушысы» төсбелгісі табысталады.

Сонымен қатар, қуаттау станциялары үшін сатып алынатын жер учаскелерінің аукциондағы бастапқы бағасы олардың нарықтық құнынан екі есе төмен деңгейде шығарылмақ. Бұл тапсырманы іске асыру 2026 жылғы 1 мамырдан басталуы тиіс.

Бұдан бөлек, республика өңірлерінде 14 ботаникалық және дендрологиялық бақ, сондай-ақ 20 көлеңкелі серуен аллеясы салынады.

Айта кетейік, ел аумағында шетелдік тәжірибені (Франция, Қытай, Сауд Арабиясы) зерделей отырып, жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы бойынша ғылыми негізделген пилоттық жоба әзірленеді.