English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электр жүйесінде ақау болып, үзіліс туындады
13:31 / 2022-01-25

Өзбекстанның электр жүйесінде үлкен ақау болып, республиканың бірнеше аймағында үзілістер болды.

Энергетика министрлігі жағдайға қатысты түсініктемесінде, «Бүгін, 25 қаңтарда сағат 11:00-де республиканың бірқатар өңірлерінде электр жарығында үлкен үзілістер орын алды. Қазіргі уақытта мамандар ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», делінген хабарламада.

Ташкент қаласында электр қуатының болмауына байланысты Ташкент метросы және әуежай жұмысында уақытша үзіліс байқалған.