Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электр энергиясы мен газ тарифнің бағасы өспейді
10:19 / 2022-06-30

2022 жыл 1 шілдеден бастап Өзбекстанда электр энергиясы мен газ тарифтеріне өзгеріс енгізілмейтіні белгілі болды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық талқылауда жатқан Министрлер кабинетінің «Отын-энергетикалық ресурстар бағасын өзгерту туралы» шешімінің жобасы жұмыс тобында зерделенуде.

Бұл жоба аясында азаматтардан мыңнан астам өтініш түсіп, қазіргі таңда Энергетика, Қаржы, Экономикалық даму және кедейшілікпен күрес министрліктерінің мамандары зерделеп, сараптауда.

Қабылданған ұсыныстар бойынша барлық қорытынды мен сараптамалық қорытындылар берілгеннен кейін мәселе бойынша түпкілікті және тиісті шешім қабылданады.

Қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес, тарифтерді өзгерту үкіметтің қаулысы қабылданған күннен бастап 15 күннен кейін күшіне енеді. Осыған байланысты 1 шілдеден бастап электр энергиясы мен газ тарифтеріне өзгеріс енгізілмейді, делінген хабарламада.