Цифрлық технологиялар министрлігі мәліметі бойынша Өзбекстандағы елді мекендердің 75 пайызы 4G байланысымен қамтылған.
Министрлік таратқан декеркке сай, 2022 жылы елді мекендерді 2G-мен қамту 99 пайызға, 3G-мен қамту 87 пайызға жеткен.
2020 жылдың статистикасы бойынша республикада интернет пайдаланушылардың жалпы саны 22,5 миллион адамды құраса (оның ішінде мобильді интернетті пайдаланушылар саны 21,4 миллион), 2021 жылы бұл көрсеткіш 27,9 миллионға жеткен (мобильді интернет пайдаланушылар саны 26,4 млн).
2022 жыл бойынша Өзбекстандағы интернет пайдаланушылардың жалпы саны 31,1 миллионға жетті (оның ішінде 29,5 миллион мобильді интернет пайдаланушысы).
2022 жылы 4,6 миллион үй шаруашылығы интернетке қол жеткізген. Атап айтқанда, 2022 жылы 170 мың шақырым оптикалық талшықты байланыс желісі тартылып, қамту 8 пайызға дейін ұлғайтылған.
2020 жылы 1 ГБ мобильді интернеттің бағасы $1,34 болса, 2022 жылы оның бағасы 37 центке дейін төмендеді. Осыған сәйкес Өзбекстан халықаралық рейтингте дәл осы бағытта 55-орыннан 15-орынға көтерілді.