2023 жылдың 18-20 мамыр күндері Ташкент қаласында Өзбекстанда екінші халықаралық энергетикалық форумы өтеді.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, форум аясында «Өзбекстан мұнайы мен газы – OGU 2023» 25-ші мерейтойлық халықаралық көрмесі, «Энергетика, энергияны үнемдеу, атом энергетикасы, баламалы энергия көздері – Power Uzbekistan- 2023» 16-шы халықаралық көрме, «Жасыл энергетикалық технологиялар – GETCA 2023» мамандандырылған бөлімі және 3-ші халықаралық Өзбекстанның энергетикалық конференциясы өтеді.
Форумды Өзбекстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен Iteca Exhibitions халықаралық көрме компаниясы және оның серіктестері – CA Eurasia Group және Congresses of Central Asia – CCA ұйымдастырып отыр.
Халықаралық іс-шаралар аясында шетелдік және отандық компаниялардың, халықаралық сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен салаға қатысты өзекті тақырыптарды талқылау жоспарлануда.
Көрме стендтерінде заманауи құрал-жабдықтар, өнеркәсіптік материалдар, шикізат пен қызметтер, соның ішінде локализация үлгілері көрсетіледі.