Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құрылды
12:10 / 2021-08-24

Өзбекстанда Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы ашылды. Онда жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындалады.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегі хабарға сай, академия қызметі Президент Шавкат Мирзияевтің шешімімен жолға қойылуда.

Қаулы бойынша академия білім берудің барлық деңгейінде жұмыс істейтін үкіметтік емес білім беру ұйымы болып табылады. Онда мына санатқа жататын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындалады:

  • халықаралық және ұлттық еңбек стандарттары;
  • еңбек құқығы;
  • адам құқықтары;
  • кәсіби медицина;
  • әлеуметтік және еңбек қорғау.

Академияда білім беру 2022/2023 оқу жылынан басталады. Оқыту ақылы негізде болып өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. бітірушілерге жоғары білім мен кәсіптік білім туралы құжат ретінде танылатын диплом беріледі.

Қабылдау параметрлері, талапкерлерді қабылдау тәртібі, келісімшарттың құны мен оқытушылардың еңбекақысының мөлшерін Академия Өзбекстан кәсіподақтар федерациясымен (құрылтайшы) келіскен түрде бекітеді.

Жарлыққа сай, 20-дан кем болмаған, академияға түсу емтихандарында жоғары балл жинаған, «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде күнкөрісі төмен отбасы ретінде тіркелген отбасының балалары тегін (құрылтайшы гранты негізінде) оқуға қабылданады.