Өзбекстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 440 мың сум
Өзбекстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі Дүниежүзілік банк, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық экономикалық комиссиясының ұсыныстары негізінде 440 000 сум көлемінде белгіленетіні айтылды.
Бұл жөнінде Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде (АБКА) өткен брифингте Болжау және макроэкономикалық зерттеулер институтының директоры Умид Обидходжаев мәлімдеді.
Күнкөріс деңгейі – ең төменгі тұтыну себетiнiң құнына тең болып, ол бiр адамға бір ай көлемінде қажеттi ең аз ақшалай кiрiс саналады. Бұл деңгей Қыайда 37 долларды құрайды екен.