Өзбекстанда ең көп шетелдік кәсіпорны бар мемлекеттер тізімі жарияланды
2025 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда шетелдік инвестициялар қатысуымен жалпы 18 164 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі шетелдік кәсіпорындардың үлесіне тиесілі.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, шетелдік инвестициялардың қатысуымен кәсіпорындардың 4 247-сі бірлескен, ал 13 917-сі шетелдік кәсіпорындар болып саналады. Сонымен қатар, кейінгі 5 жылда мұндай кәсіпорындар саны 1,9 есеге артқан.
Ұлттық статистика комитеті ұсынған деректерге сәйкес, Өзбекстанда шетелдік инвестиция қатысатын кәсіпорындар саны бойынша алғашқы 10 ел мынадай:
- Қытай — 5 044;
- Ресей — 3 181;
- Түркия — 2 137;
- Қазақстан — 1 212;
- Оңтүстік Корея — 693;
- Ауғанстан — 635;
- БАӘ — 414;
- Тәжікстан — 389;
- Үндістан — 375;
- АҚШ — 340.