Өзбекстанда доллардың ресми курсы түсті
Еуро бағамы айтарлықтай өскен
Өзбекстан Орталық банкі 4 ақпан күнінен бастап шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Соңғы реткі белгіленген өткен аптадағы бағада 1 АҚШ доллары 16,28 сумға өсіп 9563,33 көрсеткіште болған еді. Ал ертеңге белгіленген Орталық банктің бекіткен бағамына сай доллар 21,59 сумға құлдырап 9541,74 сумды құрады.
Ал еуро бағамы өткен аптадағы бағадан 42,99 сумға артып 10 584,65 сум болып белгіленген.
Ресей рубльі 4,69 сумға түсіп 1 рубль 149,20 сумға теңескен.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.