Өзбекстанда доллардың ресми бағамы 11 мың сумнан төмен түсті
Өзбекстан Орталық банкі 1 маусымнан бастап айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты жаңа бағасын жариялады. Онда доллардың ресми курсы 11 000 сумнан төмен түсті.
Аптаның үшінші күнінен сатылымға шығар ресми бағадағы 1 АҚШ доллары Орталық банк белгілеген соммада 25,09 сумға құлдырап 10 985,79 сумға теңескен.

Еуро бағасы да 74,25 сумға түсіп, 1 еуро 11 780,09 сум боп белгіленген.
Ал, Ресей рубльі осыған дейінгі бағадан 4,17 сумға өсіп 179,43 сумды құраған болса, Қазақстан теңгесі 0,06 сумға қымбаттап және 25,80 сумға теңескен.
Еске салар болсақ, Өзбекстанда 15 наурызда доллардың ресми бағамы 11 мың сумнан асып 11 033,03 суға жеткен еді.
Орталық банк аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.