Өзбекстанда доллар қымбаттады
Доллар бағамы соңғы үш аптадан беріге артып келеді
Өзбекстан Орталық банкі 31 наурыздан айналымға шығар шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті. Банктің соңғы үш апталық валюталар курсын реттеу жағдайындағы мәліметтеріне сай доллар курсы тек өсіп келеді. Ал еуро өткенгі бағадан бір жарым есеге артқанын байқауға болады.
Банктың ертеңнен айналымға шығар белгілеген курстық реттеулеріне сай 1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағадан 21,48 сумға өсіп 9554,22 сумға жеткен.
Ал еуро курсы өткенгі белгіленген курстан 417,62 сумға артып 10 637,67 сумға теңскен.
Ресей рубльі 1,11 сумға жоғарылап 121,10 сум боп белгіленген.
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.