Өзбекстанда доллар бағамы күрт өсіп 10 000 мыңнан асты
Доллар бағамы бесінші апта отасына келіп рекордты деңгейге көтерілді
Өзбекстан Орталық банкі апта басында шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын реттеген шақта доллардың ресми курсын 9 693,36 сумға теңестірген болатын. Бұл жағдай соңғы бес аптадағы көтерілген курстың осы күнгі көрсеткіші 103 сумға қымбаттап ең жоғары дәрежені көрсетті.
Алайда аптаның екінші күнінің екінші жартысында елдегі коммерциялық банктерде доллар курсы рекордты дәрежеде өсуі байқалып 10 000 сумнан асты. Бұл Өзбекстанның валюталар бағамын еркін айналымға жібергеннен бастап алғаш орын алған жағдай.
Осыған байланысты Орталық банк 16 сәуірден бастап айналымдағы валюта бағамын қайта жаңартты. Онда 1 АҚШ доллары 10 121,00 сум боп белгіленген. Бұл өткен аптадағы бағадын 427 сумға қымбат болғанын көрсеткен.
Еуро бағамы өткен аптадағы белгіленген курстан 512,16 сумға қымбаттаған болып, 11 111,85 сумға теңестірілген. Ал, Ресей рубльі 7,26 сумға өскен және 1 рубль 138,62 сум болған.
Ескерте кетсек, Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.