Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «ДОК-1 МАКС» сиробы мен таблеткаларын қолануға тыйым салынды
18:12 / 2022-12-29

Өзбекстанда «ДОК-1 МАКС сиробы 100 мл» және «ДОК-1 таблеткасы №10» қолануға тыйым салынды.

Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігі дәріханаларда Үндістанның «Marion Biotech Pvt.Ltd» компаниясы шығарған «ДОК-1 МАКС сиробы 100 мл» және «ДОК-1 таблеткасы №10» препараттарын сатуды тоқтату және дәріханалардан қалған дәрілерді қайтып алу туралы нұсқау берді. 

Осынау препарат республиканың барлық дәріхана сөрелерінен тездетіп жинаа алынады. Егер қандай да бір кәсіпкерлік субъектілерде осы «ДОК-1 МАКС сиробы 100 мл» және «ДОК-1 таблеткасы № 10» препараттары қалдық күйінде қалған болса, бұл туралы дереу Фармацевтикалық желіні дамыту басқармасының апелляциялық бөліміне хабарласыңыз.

Бүған дейін, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі осы препаратты республика аумағына әкеліп сатуды жолға қойған «Quramax Medical» ЖШС мен «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» ЖШС-ның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғап тергеу амалдарын бастағанын хабарлаған болатын.