Өзбекстанның Инновациялық даму министрі Ибрахим Абдурахманов бастаған делегация Мысыр астанасы Каирде Халықаралық мақта зерттеушілер қауымдастығының атқарушы комитетінің отырысына қатысты.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің дерегінше, алқалы жиында бірлестіктің атқару комитетіне мүшелерді сайлау және бағыттар бойынша топтарды құру мәселелері талқыланды. Ибрахим Абдурахманов Халықаралық мақта зерттеушілері қауымдастығының кеңесшісі болып сайланды және халықаралық ұйымның тұрақты мүшесі ретінде дауыс беру үдерістеріне қатысты.
Шарада Халықаралық мақта зерттеу қауымдастығының кезекті 8-ші дүниежүзілік мақта ғылыми-зерттеу конференциясын өткізуге үміткер елдер ретінде Өзбекстан, Үндістан және Пәкістанның презентациялары зерделенді. Соңында атқару комитетінің мүшелері бұл шараны 2024 жылы Өзбекстанда өткізуді қолдады.
Өзбекстан делегациясы Мысыр мақта арбитражының және сынауының бас ұйымы (CATGO) төрағасы Мухаммад Халил Хедрпен кездесу өткізді. Сұхбат нәтижесінде тараптар CATGO мен Өзбекстан Министрлер Кабинетінің жанындағы SIFAT мақта талшығын сертификаттау орталығы арасында қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу бойынша онлайн келіссөздер ұйымдастыру, өзбек мамандарына CATGO тренингіне қатысу үшін гранттар беру туралы келісімдерге қол жеткізді.