English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда дизель отынының бағасы 15 пайызға арзандады
16:15 / 2024-02-19

Өзбекстанда 19 ақпаннан бастап дизель отынының бағасы 15 пайызға арзандады.

Бұл туралы «Узбекнефтгаз» АҚ ақпарат қызметі хабарлады. Оған сәйкес, 19 ақпаннан бастап «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамына қарасты барлық мұнай базасы қоймаларынан 1 тонна EURO-5 SSDF дизель отыны 11 миллион 608 мың 190 сум арзандатылған бағамен қор нарығына шығарылады.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге экономикалық және қаржылық қолдау көрсету мақсатында Бұхара зауытында синтетикалық дизель отынының құрамдас бөлігін қоспалау арқылы өндірілетін дизель отынының бағасы ЭКО дизель отынының бағасымен салыстырғанда 15 пайызға төмендетілді», делінген хабарламада.