Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда дизель отынының бағасы 2 мыңға арзандады
09:34 / 2020-04-15

Бұл жағдай жахандық мұнай бағасының құлдырауы мен шикізат импорты арзан бағада алынғаны салдарынан орын алған


Республикадағы отын энергетикасы өндірісінің жетекші компаниясы «Узбекнефтгаз» АҚ, 14 сәуірден дизель отыны 1 литрінің биржадағы бағасы 5600 сум боп белгіленгенін хабарлап, соңғы үш ай мерзімінде баға дерлік 2 мың сумға арзандаған дейді.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында компания құрамындағы зауыттарда өндірілген отынның бағасы 7500 сумды құраған болатын. Наурыз айына келіп бұл баға 7089 сумға түскен. Ал биржадағы соңғы отын бағасының күрт төмендеуі әлемдік пандемияға байланысты дағдарыстың алдын алу мен жахандық нарықта мұнай бағасының арзандап кетуінің арқасында шикізат импорты төмен бағамен келуі салдарынан туындады, «Узбекнефтгаз» АҚ компаниясы.

Бұған дейін компания 30 наурыздан бастап алғаш рет «Еуро-4 және «Еуро-5» класындағы экологиялық таза сападағы дизел отыны шығаруды жолға қойған болатын.