Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Данияның құрметті консулдығы ашылады
13:25 / 2022-09-24

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Владимир Норов БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Данияның Сыртқы істер министрі Йеппе Себастьян Кофодпен келіссөздер жүргізді.

СІМ дерегінше, тараптар саяси диалогты нығайту үшін өзара сапарлар мен практикалық іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. 

Кездесуде Өзбекстан мен Дания сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық және консультациялар туралы хаттамаға қол қою ұсынылған.

Владимир Норовтың айтынша, Өзбекстан тарапы Дания үкіметінің Өзбекстанда құрметті консулдық ашу туралы шешімін құптайды.

«Ташкент пен Копенгаген БҰҰ және басқа да халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екені жарияланды. Сауда-инвестициялық қарым-қатынастар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тараптар мүдделі ведомстволардың өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелерін пысықтауға келісті», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Данияның жетекші ғылыми-зерттеу институттарында өзбекстандық жас зерттеушілерді оқыту мен тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге көмектесу жайлы айтылды.