French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «Cyber university» мемлекеттік университеті ашылады
17:50 / 2025-01-22

2025 жыл 20 қаңтарда «Cyber university» мемлекеттік университетін ашу туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, университеттің негізгі міндеттері мынадай болып белгіленген:

– ақпаратты қорғау, ақпараттық және киберқауіпсіздік, цифрлық технологиялар мен цифрлық экономика, жасанды интеллектке негізделген автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйелерді жасау, робототехника және басқа да ұқсас салалар бойынша кадрлар даярлау;

– цифрлық технологиялар саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

– оқу процесін озық шетелдік тәжірибе мен заманауи білім беру технологиялары негізінде ұйымдастыру және ашық ақпараттық-білім беру ортасының дамуына қолдау көрсету;

– жастардың білім алуына және кәсіп меңгеруіне қосымша жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және басқа да ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз етуде сұрыптау мен қамтуды кеңейту;

– оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асыруда жетекші республикалық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, цифрлық технологияларды әзірлеушілер мен тұтынушылар, басқа да салалық кәсіпорындармен ынтымақтастық жасау;

– тиісті білім беру бағыттары мен мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді жасау, студенттер мен мамандарды тарта отырып, фундаменталды, ғылыми және практикалық зерттеулер жүргізу.