English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда COVID-ке қарсы вакцина не үшін балаларға егілмей жатқаны айтылды
13:02 / 2021-04-04

Өзбекстанда халықты жаппай вакцинациялау басталғанына қарамай 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбай жатқаны белгілі болды.

Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бастығының орынбасары Батыр Қурбановтың айтуынша, балалар арасында науқастану жағдайлары болғанымен, әлемдік ғалымдар мен жетекші ғылыми-зерттеу институттары жасаған вакциналарды балалар арасында қолдануға болатындығы әлі расталмады.

Дәл қазіргі уақытта дайын немесе ДДСҰ тарапынан қолдану үшін мақұлданған вакциналармен балаларды вакцинациялау әзірше жоспарланбаған. Сондықтан 1 сәуірде басталған вакцинация науқанында 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау ұсынылмайды, - деген ол.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Өзбекстан халқына COVAX бағдарламасы аясында әкелінген AstraZeneca вакцинасы (660 000 доза) және Қытайда шығарылған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы (1 миллион доза) егіліп жатыр.  

3 күндік қорытындыға сай, елде 23 780 азаматқа вакцина егілді. Жоспар бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау көзделген.

Сонымен қатар COVAX бағдарламасы бойынша осы жылдың мамыр-маусым айларында Өзбекстанға 2 млн доза AstraZeneca және сәуір-маусымда 3,5 миллион доза ZF-UZ-VAK2001 вакциналарын жеткізу жоспарланып отыр.