Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 5 кісіге көбейіп, жалпы 55 адамға жетті
Ең алғаш ел аумағында осы індет 15 наурызда тіркелген
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше Өзбекстанда COVID-19 коронавирус індетін жұқтырған тағы бес кісі тіркелген.
Министірліктің хабарында вирус жұқтырған кейінгі 5 азамат жөнінде қазірге толық мәлімет берілмеген. Қазіргі уақытта Өзбекстанда 20 мыңға жуық азамат карантиндік бақылауға алынған. Жалпы тәжіндетін жұқтырған науқастар саны 55-ті құрайды.
Ең алғаш ел аумағында осы індет 15 наурызда тіркелген болып, ол Франциядан 11 наурыз күні Париж-Ташкент бағытында ұшып келген дәрігер әйелдің сараптамасынан анықталған еді.