Өзбекстанда COVID -19 індерімен ауырған науқастар саны 144-ке жетті
29 наурыз күнгі хабар бойынша бүгінгі аурулар саны 40 кісіге артқан
Республика бойынша тағыда 11 азаматтың медициналық сараптамасында коронавирус індеті жұқтырғандық жағдайы тіркелген.
29 наурыз күнгі хабар бойынша бүгінгі аурулар саны 40 кісіге артып жалпы ел аумағындағы науқастар саны 144 адамға жетті. 7 азамат ауруды жеңіп оңалту орталығына өткізілген болса, екі кісінің өлімі тіркелген.
Еске сала кетсек Өзбекстанда коронавирустың алғашқы дерегі 15 наурызда тіркелген болып, ол 11 наурыз күні Парижден Ташкентке оралған дәрігер әйелден табылған еді. Жалпы осы індеттің мемлекет аумағына кіріп келу жағдайы қазірге халықаралық 5 әуе бағыттар арқылы орын алғаны белгілі болып, олар: Париж, Стамбул, Лондон, Дубай және Сауд Арабиясы елдерінен келгендерден анықталған.