Өзбекстанда коронавирустық байланысты қызметі жолға қойылға Call орталықтарға қоңыраулар саны күрт өсті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 1-20 қаңтары аралығында Call-орталыққа жалпы 14 112 өтініш келіп түсті. Жаңа жылдың алғашқы 5 күнінде орташа есеппен 300-400 өтініш түскен болса, кейінгі 5 күнде 478-ден 761-ге дейін тұрақты өсім байқалған. Осылайша, 1-10 қаңтар аралығында байланыс орталығының диспетчерлері 4512 қоңырауды қабылдаған.
Қаңтар айының екінші онкүндігінен бастап бұл көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Қазірде күніне орта есеппен 900-1000 өтінішке түсуде. Нәтижесінде айдың екінші онкүндігінде жалпы 9600 өтініш болған. Бұл 1-10 қаңтардағы көрсеткіштен екі есеге артық.
Сараптамалар нәтижесіне байланысты, Call-орталыққа қоңырау шалғандардың басым көпшілігі коронавирустың жаңа штаммының белгілері, оны емдеу жолдары туралы сұрақтармен жүгінгені айтылады министрлік хабарында.