English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Coca-Cola компаниясының мемлекеттік үлесі 252,2 млн долларға түрік компаниясына сатылды
23:09 / 2021-08-09

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі «Coca-Cola Ichimligi Uzbekistan Ltd Ltd» капиталындағы 57,118 % акциясын «Coca-Cola İçecek A.Ş.» компаниялар тобына сату туралы келісімге қол қойды.

2021 жылдың 6 тамызында Өзбекстанның Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі «Coca-Cola Ichimligi Uzbekistan Ltd Ltd» капиталындағы 57,118 %  мемлекеттік үлесін «Coca-Cola İçecek A.Ş.»  компаниялар тобына жататын «CCI International Holland B.V.» еншілес компаниясы арқылы 252,28 миллион долларна сату туралы келісім болғанын жариялады.

Келісімді мемлекеттік мүлікті сату бойынша тендерлер өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдады. Келісімді аяқтау процесі реттеушілер берген белгілі бір рұқсаттарды талап етеді.

Бұл келісім халықаралық тәжірибеде қабылданды және Өзбекстан заңнамасының талаптарына сүйене отырып, Өзбекстан президентінің 2020 жылғы 27 қазандағы №6096 Жарлығына сәйкес ашық аукцион түрінде қабылданды.

Еске сала кетейік, «Coca-Cola Ichimligi Uzbekistan, Ltd.» копаниясы Өзбекстандағы газдалған алкогольсіз сусындардың ірі өндірушісі болып, оның Ташкентте, Наманган мен Үргеніште өндіріс орындары мен қоймалар желісі бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 205 млрд сумды құраған.