Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда букмекерлік кеңселер мен VAR жүйесі іске қосылмақ
16:29 / 2019-11-14

Бұл Өзбекстанда футболдың дамуын жаңа деңгейге көтеру үшін  Өзбекстан Президентінің Жарлығы


«Өзбекстанда футболдың дамуын жаңа деңгейге көтеру шаралары туралы» Өзбекстан Президентінің Жарлық жарияланды.

Бұл жарлықта нақты көрсетілген Өзбекстандағы футболдың дамуына байланысты балалар мен жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығын арттыру, әуесқой футболды кеңінен насихаттау, орта мектептерде және басқа да білім беру мекемелері мен ұйымдарда футбол жарыстарын жүйелі түрде өткізу.

Талантты жас ойыншыларды іріктеу және оларды кезеңімен кәсіби түрде даярлауды түбегейлі жақсарту арқылы дамыған елдердің жетекші клубтары үшін «ойыншылардың экспорты» жүйесін құру. 
 
Футбол саласына жеке инвестицияларды кеңінен тарту және ынталандыру, футбол секторын нарықтық механизмдермен басқару, футбол клубтарын жеке секторға беру және олардың арасында бәсекені жандандыру мен қатар өзбек футболының брендін жасау және шетелдік мамандарды тарту арқылы Өзбекстанда футбол мамандарын дайындау.

Ең негізгісі халықаралық тәжірибе мен Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы және Азия футбол конфедерациясының талаптарына сәйкес 2021 жылдан футбол маусымындағы Суперлига командалары арасындағы матчтардың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін VAR (Video Assistant Referee, video assistere hakе) жүйесін енгізу және 2021 жыл 1 қаңтардан бастап футболды жәнеде дамыту үшін оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Өзбекстанда «букмекерлік кеңселердің» жұмысына рұқсат берілуі баяндалған.

Жарлық 2020 жылдық 1-ші маусымына дейін Өзбекстандағы Капитал нарығын дамыту агенттігімен, Дене шынықтыру және спорт министрлігі және Әділет министрлі, Бас прократура тағыда басқа министрліктер мен басқармалаға «Букмекерлік кеңселер» мен тотализаторлар ойынын заң жүзінде тәртәпке салу турасындағы барлық түсініктемелер Министрлер мекемесіне ұсынылатын болады.