Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бірінші кезекте 4,1 млн адам вакцинацияланады
23:12 / 2021-02-16

Өзбекстанда бірінші кезекте коронавирусқа қарсы вакцина қабылдайтын азаматтар саны 4 млн 112 мың 668 адамды құрайды.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің маманы Вазира Муталова мәлімдеді.

Оның айтуынша, вакцинаны ең алдымен мына кісілер алады:

  • 65-74 жастағы қарттар - 1 млн 85 мың 797 адам;
  • 75-тен 84 жасқа дейінгі егде жастағылар - 388 686 адам;
  • 85 және одан үлкен жастағы қариялар - 139 280 адам;
  • Медицина қызметкерлері - 447 мың 976 адам;
  • Созылмалы аурулары бар жандар (18-65 жас) - 888 190 адам;
  • Мектеп мұғалімдері - 689 383 адам;
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері - 223 426 адам;
  • Қарулы күштер мен тәртіп сақшылары - 180 мың адам.

Өзбекстанда вакцинация процесіне 3138 емдеу пункті, 862 мобильді топ (әрқайсысында 1 отбасылық дәрігер, 1 вакцинатор және 1 медбике бар) қатысады.

Жоғарыда аталған азаматтар өздері тұратын мекендегі медициналық мекемелерде құрылған вакцинация пунктінде емделмек.