French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бір жылда тұрғын үй құрылысының көлемі 1,5 есеге өсті
12:29 / 2024-01-10

2023 жылы Өзбекстанда тұрғын үй құрылысының көлемі 1,5 есеге өскен. 90 мың үйде құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Республикада жаңадан енгізілген «Бастамалық бюджет» жүйесі өңірлердегі құрылыс жұмыстардың ауқымын одан әрі кеңейтуге түрткі болды. Бұл жүйе арқылы түскен 5,5 триллион сум махалладағы 4701 нысанның құрылысы мен абаттандыруға жұмсалды.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстанда 132,4 триллион сумға құрылыс жұмыстары аяқталды.

Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың маусым айы Өзбекстанда бір айда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша көш бастап тұр – 16 триллион сум.

Одан кейін наурыз, қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі сәйкесінше 14,6 триллион сум және 14,5 триллион сумдв құраған.